Қытайдың шығысында тайфунның арты ондаған адамның өмірін жалмаған су тасқыны мен селге ұласты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай шығысындағы Чжэцзян провинциясының билігі хабарлағандай, жойқын тайфун тудырған су тасқыны мен сел ағыны салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлады Би-би-си.

Дауылдың жақындауына байланысты сенбі күні ондаған мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жексенбіде тайфун солтүстік бағыттағы жағалауға қарай ығысты.

Провинцияның кей өңірлерінде тәулік ішінде жауын-шашын көлемі жарты метрге дейін жетті, бұл соңғы жүзжылдықта рекордты көрсеткіш болып табылады.

Табиғи апат шығыны жүздеген миллион долларды құрайды деп хабарлануда.

Сенбіде осы дәрежедегі тайфуннан Тайвань тұрғындары зардап шеккен.