Қытайдың шығысында тікұшақ құлап, 4 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Мемлекеттік океанологиялық басқармасының жанындағы Шығыс-қытай теңізі істері бойынша бөлімі кеше кешкі уақытта тапсырманы орындап, базаға оралып келе жатқан теңіздік бақылау тікұшағымен байланыс жоғалғаны туралы хабарламаны жариялады.

Іздеу-құтқару тобы кешке Чжэцзян провинциясының Чжоушань қаласында (шығыс Қытай) ұшу аппаратының сынықтарын анықтады. Тікұшақтың бортында болған төрт адам қаза тапты.

Тікұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша сағат 13:26-да Чжоушань қаласы әуежайынан шамамен 23шақырым жерде жоғалған, деп жазады Синьхуа.