Жергілікті билік таратқан мәліметтірге жүйгінсек, қалалық кеңселердің бірінде газ баллоны жарылған. Қаза тапқандардың кімдер екендігі анықталмады. Зардап шеккендер Сиань қаласының ауруханаларына жеткізілді.
Сиань қаласындағы «Ықпалдастық» қазақстандық халықаралық қорының өкілі Хэ Чэннің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан студенттері жоқ. Оның айтуынша, қазіргі таңда аталмыш қалада 400-ге жуық қазақстандық студенттер білім алуда.