Бұрын бұл қызметте болған 65 жастағы Ли Цунцзюнь зейнетке шыққан. Цай Минчжао 1955 жылы туған, 1978-2001 жылдар аралығында Синьху агенттігінің тілшісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Шет тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару мен тарату істері жөніндегі басқарманың басшысы, "Жэньминь жибао" газетінің бас редакторы, Қытай коммунистік партиясының орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары сынды түрлі басшылық қызметтерде болған. Қытай компартиясы орталық комитетінің мүшесі.
05:26, 01 Қаңтар 2015
Қытайдың Синьхуа ақпараттық агенттігінің жаңа бас директоры тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Синьхуа ақпараттық агенттігінің жаңа бас директоры және партиялық тобының хатшысы болып Цай Минчжао тағайындалды, деп жазады ТАСС.