Қытайдың «Синопек Инжиниринг» компаниясы АМӨЗ-де 2500 жұмыс орнын құрмақшы
19:21, 29 Қазан 2009
АТЫРАУ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай-өңдеу зауытында (АМӨЗ) хош иісті көмірсутегілер кешенінің серпінді құрылысында кемі 2,5 мың қазақстандық жұмысшылар мен мамандар жұмыс істейтін болады.
«Синопек Инжиниринг» қытайлық компаниясымен жасалған келісімшартта айрықша бөлім бар, онда қытайлық компанияның міндетті түрде орындауы тиісті шарт айтылған», - деді «АМӨЗ» ЖШС директоры Талғат Байтазиев. Шарт қазақстандық жұмысшыларды, мамандарды құрылысқа тартуға және отандық өндірушілерден тауарлар мен қызметтер сатып алуға қатысты.
«Түрлі уақыттары құрылыста 2 мыңнан 3 мыңға дейін адам жұмыс істейтін болады. Кадрлар толық алынған кезде, біздің есебімізше, қазақстандықтардың саны кемі 2,5 мың адамды құрайтын болады», - деп хабарлады «Синопек Инжиниринг» компаниясының бас директоры Чжу Хайсин.