Қытайдың солтүстігін Моңғолиядан соққан құмды боран басып қалды

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Өткен аптаның соңынан бері Моңғолия жақтан осымен екінші рет соққан құмды боран Қытайдың солтүстік аудандарына жақындады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қытай синоптиктерінің мәліметтері бойынша, бұл жолы Шыңжаң-Ұйғыр және Нинся-Хуэй автономиялық өлкелері, Ішкі Моңғолия, сондай-ақ Шэньси және Ганьсу провинциялары табиғаттың тосын мінезінің зардабына ұшырауы мүмкін. Ұйытқыған жел құм мен топырақты аспанға көтеріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Көзге ешнәрсені көрсетпей тастаған құм боранынан адамдар көшеге шығудан қалып отыр. Сәуірдің 16-19-ы аралығында болған алғашқы құмды боран Шыңжаңның ауыл шаруашылық алқаптарына үлкен зиян келтірген болатын.