Қытайдың солтүстігінде болған жол апаты 7 жеті адамның өмірін қиып кетті

ХУХ-ХОТО. Синьхуа – ҚазАқпарат – Жексенбі күні Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында (Солтүстік Қытай) жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті қоғамдық қауіпсіздік бюросының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы дүйсенбіде сағат 09:45 шамасында шекаралық Ерен Хот (Эрлиан Хот) қаласында болған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі көктайғақта басып озбақ болған кезде басқа екі көлікпен соқтығысқан.

Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қосымша тергеу жұмыстары жүргізілуде.