CCTV мәліметінше, өрт жергілікті уақытпен 6 желтоқсан түнгі сағат 01:36-да Шаньси провинциясы (Солтүстік-шығыс Қытай) Шоуян уезінде электр стансасы аумағындағы адам тұратын жерден шыққан. Өрт жергілікті уақытпен сағат 04:20-да ауыздықталды.
Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы бірқалыпты.
Қазір өрттің қайдан, қалай шыққаны анықталып жатыр.
Авторы Руслан Сүлейменов