Қытайдың солтүстігінде мыңдаған адам суға уланды

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігінде 4 мыңнан астам адам лас ауыз суға уланып отыр. «Чайна дейли» газетінің ақпараты бойынша, алғашқы уланғандар ауруханаларға шілденің 23-інде түсе бастаған,

деп   хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы.

Ауруханаға түскендердің барлығының  дене  қызуы  көтерілген,    лоқсу және  іш өту   белгілері    тіркелген.   Олардың барлығына тегін  медициналық көмек көрсетілуде.