Жер астында қалған 24 кеншіні құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шахта иесі болып табылатын компанияның мәліметтерінше, су жексенбі күні кешке басып қалған. Жер астында апат кезінде 247 адам болған, олардың 223-і жер бетіне шығарылды. "Цзянцзявань" шахтасы Datong Coal Mine Group бірлестігіне тиесілі, жыл сайын онда 900 мың тонна көмір өндіріледі, деп хабарлайды ТАСС.
06:01, 20 Сәуір 2015
Қытайдың солтүстігінде шахтаны су басып қалды, кеншілер құтқарылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігінде Шаньси провинциясында көмір шахтасын су басып қалды.