деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Жерасты дүмпулері Цинхай провинциясында жергілікті уақыт бойынша 05.56-да (мәскеу уақыты бойынша 00.56-да) тіркелді, оның ошағы 6 шақырым тереңдікте болған. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.
Магнитудасы 5 балдық соңғы күшті жер сілкінісі Қытайда дүйсенбі күні болған еді. Жерасты дүмпуінен ол жолы Юньнань провинциясында 30-дан астам адам зардап шегіп, апат аймағынан 60 мыңдай тұрғын жедел көшірілді.
Қытай 2008 жылдың мамыр айынан бері тұрақты «сілкініп келеді». Соңғы 30 жыл ішіндегі ең қуатты зілзала былтыр мамырдың 12-де Сычуань провинциясында болған.Ресми мәліметтер бойынша сол жолы 87 мыңдай адам қаза тапты және із-түзсіз жоғалып кетті, 374 мың адам жараланды, миллиондаған адам баспанасыз қалды.