Жергілікті биліктің мәліметтері бойынша, ШҰАӨ-нің 27 қаласы мен уезін су басты. Ауа райының қолайсыздығынан қауіпсіз аудандарға уақытша 3 мыңнан астам жергілікті тұрғын көшірілді. Су тасқынынан келген залал 44 млн. доллардан асып жығылды. Апатты ауданға гуманитарлық көмек жіберілді.
12:56, 26 Маусым 2014
Қытайдың солтүстік-батысында су тасқынынан 200 мыңнан астам адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-дың солтүстік-батысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде бір жарым аптадан астам уақыт нөсерлеп жауған жауынның арты тасқынға ұласып 236 мың адам зардап шекті, 4 адам қаза болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.