Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сенбіге қараған түні Вэньсянь уезінде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 6 км тереңдікте орналасты. Апат салдарынан бірқатар ауыл және елді мекендермен автокөлік және телекоммуникация қатынасы бұзылды.
Еске сала кетсек, 22 шілде күні Ганьсу провинциясында магнитудасы 6,6-ға жеткен жер сілкінісі болды. Ол 95 адамның өмірін жалмады, 1400-ден астам адам түрлі жарақат алды.
12:28, 28 Шілде 2013
Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкінді
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында жер сілкінді, деп хабарлайды BNews.kz сайтынан. Оның магнитудасы 4,5-ті құрады. Табиғи апат салдарынан 33 адам зардап шекті. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, экономикалық шығын 260 млн юаньға (42,4 млн. доллар) бағаланып отыр.