Провинцияның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, бейсенбі күні шамамен 23:34 кезінде Чэнду қаласынан (Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы) Лоян қаласына (Хэнань провинциясы, Орталық Қытай) бағыт алған жолаушылар автобусы Шэньси провинциясы аумағындағы Сиань-Ханьчжун жолында туннельге шығатын жердегі қабырғаға соғылған.
Зардап шеккендердің барлығы дереу ауруханаларға жеткізілді. Апаттан кейін мемлекеттік кеңес мүшесі, ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь апат себебін мүмкіндігінше жылдам анықтап, зардап шеккендерге мейлінше жоғары көмек көрсетілуін талап етті.