ИТАР-ТАСС мәліметтеріне қарағанда, бүгін тиісті ескертуді қытайлық мемлекеттік метеорологиялық орталығы жасады.
Тайфун сағатына 25 шақырым орташа жылдамдықпен солтүстік-батыс бағытында жапондық Окинава аралы жағынан қозғалып келеді. Таяу екі күнде метеорологтардың болжамы бойынша ол Хэйлунцзян және Цзилинь провинцияларына келеді. Барша өңірде дауылды жел мен қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. «Санба» осы маусымдағы 16-шы тайфун.