Қытайдың солтүстік-шығысында 126 млн жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың сүйектері табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай елінің солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында 126 млн жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың сүйектері табылды, деп хабарлады сәрсенбі күні жергілікті билік көздері.

Пайдалы қазбаларды қорғау бойынша провинциялық басқарманың мамандары Чаоян қаласы маңындағы ауылдан табылған сүйектер Бор кезеңінде тіршілік еткен 15 метрлік зауропод динозавры екенін хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Тарихтан бұрын өмір сүрген тіршілік иесін бірінші болып егістікте жұмыс істеп жүрген шаруа тапқан.

Аталған басқарманың бастығы Сунь Юншанның мәлім етуінше, мамандар көп ұзамай қазба жұмыстарының жоспарын жасайды, оны жүргізетін арнайы топ құрылмақ.