Ұсынылған ережеге сәйкес, қаржы мекемелеріне қаржы өнімдерін жарнамалау үшін «қытайлық орындау өнерінің шеберлерін» тартуға тыйым салынады.
Мұндай тыйым косметика, киім-кешек және мобильді телефон жарнамаларына да салынады. Құжат жобасында тікелей эфирлер мен әлеуметтік медиа платформалар арқылы қаржы өнімдерінің онлайн-маркетингісіне қатысатын тұлғалардың қаржы институттарының өзінде жұмыс істеуі және тиісті кәсіби (қаржылық) біліктілікке ие болуы тиіс екендігі баса айтылған.
2021 жылдың қарашасында бағалы қағаздар бойынша Қытай реттеушісі интернет-платформаларға тікелей трансляциялар арқылы акцияларын жарнамалауға тыйым салынған болатын.
Авторы Руслан Сүлейменов