Қытайдың Тарбағатай аймағында ақындар айтысы өтті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Фото: None
Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қытайқазақтарының тұңғыш фотографы - Қытайдың«Орталық халық радиосы» (CNR)


Осы аптадаҚХР-ның CNR ақпараттық сайтында,Қытай қазақтарының тұңғыш фотосуретшісі, журналист, жазушы Асылқан Багенұлы жайлыкөлемді мақала жарық көрді. Жазба авторы Қуандық Көбенұлы.

Аталған ақпарат көзініңдерегіне сүйенсек, мақала кейіпкері Асылқан Багенұлы 1942 жылы 7 қарашадаҮрімжі ауданы Шүйшигу ауылында өмір есігін ашқан. Редактор, баспагер, жазушы, танымал фотографАсылхан Багенұлы жастайынан айналасына шығармашылық көзбен қарап өсіпті. Ораулышимен оранған кигіз үйде есейген Асылқанның ең алғашқы туындысы да осы ораулыши жайындағы суреттен басталыпты. Бір қызығы, Асылқан мектепті, ЖОО-ны да Қытайтілінде оқып бітіргеніне қарамастан, қазақ тілінде әдеби шығармалар жазуменайналысқан. 1964жылы Шынжаң университетінің қытай тілі мамандығын бітірген Асылқан сол жылы Бейжіңдегі тибет, моңғол, ұйғыржәне қазақ тілінде шығатын «Ұлттар» суретті журналына фототілші, редактор болыпорналасқан. Ол бірінші фотосын 1965 жылы ауыл тұрмысын түсірумен бастаған. АсылханБагенұлыаталған суретті журналда 20 жыл қызмет атқарған екен.


Асылқан 1988 жылы туған жері Шыңжаңға қайта оралып, «Шыңжаңсуретті журналында» қызмет істейді. 1990жылы қазаннан бастап, Шыңжаң фотоөнер баспасының бас редакторының орынбасарыболып жұмыс жасайды. Кәсіби мамандығы бойынша 1996 жылы «Аға редактор» дегенбеделді атаққа ие болады.

Фотограф болып 50 жыл қызмет еткен АсылқанБагенұлының еңбектері көбінде қытай, қазақ және ағылшын тілдерінде жарияланған.Соның арқасында оның ел іші-сыртында өз көрермендерін жинай алған талант иесі, депжазады мақала авторы.

Бейжіңдегі «Ұлттар» суретті журналы,«Халық азаттық армиясы» суретті журналы, «Халық газеті» қатарлы мемлекеттіңбелді басылымдарында Асылқанның 500-ден астам фотосуретті мақалалары жарияланған.Талантты фотографтың аса бағалы еңбегі саналған «Дүниежүзі картасы» мен «Қытай картасы»атты туындылары қытай және қазақ тілдерінде баспадан шығып, жергіліктіқазақтардың осы саладағы ақтаңдағын толтырады.


Асылқан Багенұлының көптегентуындылары фотожинақ ретінде кітап болып жарыққа шығып, ел ішіндегі жәнехалықаралық көрмелерге қатысқаны айтылады.

«Асылқан Багенұлы «Қазақтұрмыс-салты» атты фотожинағы мемлекеттік 2-ші дәрежелі жүлдеге ие болған. Қытай,қазақ, ағылшын тілдеріндегі «Қазақ киіз үй мәдениеті» атты көлемді фотоальбомы2001 жылы мамырда Қазақстанның Алматы қаласында өткен кітап және фотоөнертуындылары көрмесіне қойылды. Осы фотожинақ 2004 жылы Шынжаң өлкесі бойынша 2-ші дәрежеліүздік туынды сыйлығын алған. Сондай-ақ «Қазақы тұрмыс-салт мәдениеті» аттыкөлемді фотожинағы 2004 жылы баспадан шыққан.


«Саятшы», «Аққу көлі», «Тұрпанжүзімі» сынды көркем фототуындылары Жапония, Голландия, Германия, Қазақстанқатарлы елдерде өткен халықаралық фотосурет көрмелеріне қойылып, көрермендердіңжоғары бағасына ие болған. Осыншама үлкен жетістіктер Асылқанның қолынааспаннан түсе қалмады. Ердің ерте тұрып кеш жатып, тынбай еңбек етумен, әжелердіңқырық қиқымынан қюластырып тіккен төр көрпесіндей, қыруар суреттерді жинақтағанқажыр-қайратымен, ұқыптылығымен қолға келді...», деп жазады автор бұлмақаласында.

Асылқан Багенұлы тек қолына аппаратұстаған фотограф қана емес, әдеби шығармаларымен де танылған жазушы. Ол Қытайқазақтарына белгілі «Қасен генарал» романының авторы.


Айта кетейік, бұл романға арқау болған Қасен Рүстемұлы балакүнінен бөтен елде, жат жерде жүріп Бейбарыстың күнін кешкен ерекше тағдыриесі. Ол Қытай армиясында басшылық қызмет атқарған, қазақтың қайсар азаматы,армия генералы. Қасен Қытай коммунистерінің көсемі Мао Цзедунның жеке күзетшісіәрі көмекшісі(1937-1939) болған. 1951 жылы полковник шеніндегі Қ. Рүстемұлы елдегітанк армиясының құрушысы, 1-ші танк мектебінің бастығы болып тағайындалған.1983 жылы армия генералы дәрежесінде зейнетке шыққан.

«Қаламгердің «Құздағы құйма» қатарлыочерктері, «Қасен генарал» атты романы және қазір қолындағы екі томнан тұратынғұмырнамалық романын баспаға ұсынбақшы. «Аяулы әскер Швейк», «Ли Зұңрынныңқайта оралуы», «Мао ЦзедунныңСыномен әңгімесі» сияқты кітаптары қытай тілінен қазақшаға аударылды. Соныменқатар қытай, ұйғыр, қазақ тілдеріндегі фотоөнер туындыларының редакциясынқарап, баспадан шығарды» делінген бұл жазбада.

«Фотоөнер саласындағы еңбектері үшінАсылқан Багенұлына ҚХР фото-сурет қоғамы 1996 жылы «Құрмет» медалын тарту етті.Ол 1995 жылы Шынжаң өлкелік әдебиет көркөменершілер бірлестігінің фотосуретшілерқоғамы «Шынжаңның фотосурет қызметіне ерекше еңбек сіңірген тұлға» дегендаңықты атақпен марапаттайды. А. Багенұлы ҚХР қазақ мамандары кітабынан ойыпорын алған тұлға. Қытай фотосурет қоғамының және Шыңжаң фотосурет қоғамыныңорынбасар төрағасы секілді қоғамдықміндеттері мен оның асқан асулары, шыққан шыңы фотография саласындағы жастардыңүйрену үлгісі болмақ» деп түйіндейді мақала авторы.


Түркия Мәжілісінің төрағасы Орхонескерткіштеріне барды - TRT


Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісініңтөрағасы Мұстафа Шентоп түріктердің алғашқы жазбасы Моңғолиядағы Орхонескерткіштеріне барды, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

Алдымен Қарақұрым мұражайын аралағанмәжіліс төрағасы бастаған парламентмүшелері артынан Ердене Зуу монастырына барған.

Ресми сапармен Моңғолияда жүрген Түркиямәжілісінің төрағасы Шентоп пен қасындағы делегация мүшелері Орхонескерткіштері орналасқан аймаққа барды. Осында ескерткіштерді және басқа даархеологиялық жәдігерлерді тамашалаған Шентопқа сондағы лауазым иелеріжан-жақты мәлімет бергені айтылады.

«Бұлар – түркілердің артынақалдырған тұңғыш жазбаша құжаттары. Тарихи жазба Көктүріктердің әліпбиіментаңбаланған. Қысқаша сол дәуірдің саяси оқиғалары, мемлекеттік тәртібі жөніндесабақ береді. Ұлттардың барлығы негізгі мәселелерде бірліктерін қорғау арқылытабысты болған. Бірлік бұзылған кезде,өз араларына араздық кірген кезде мемлекеттер де, ұлттар да ыдырайды, тіпті тарих сахнасынанөшеді. Бұларды өз жерінде көрудің артықшылығы бар» деді М. Шентоп.

«Мұстафа Шентоп пен қасындағыделегация Орхон ескерткіштерін көргеннен кейін моңғолдардың дәстүрлі шатырындатамақтанды. Делегация мүшелері ескерткіштер орналасқан аймақтан естелік үшінтопырақ алды» деп түйіндейді түркиялық БАҚ.

Футболға бейімдейтін 3 мың балабақшасалынады - «Жэньминь жибао» (People Daily)


Қытай билігі балаларды балабақшадан бастап футболғабейімдеуді қолға алмақ ниетте. Бұлтуралы Қытайдың Білім министрлігі Бейжіңде өткізген баспасөз мәслихатында мәліметті. ҚХР білім министрлігінің жариялағанбұл баспасөз мәлімдемесі «Мемлекеттік жасөспірімдердіңмектеп ауласы және футбол қызметі» деп аталады. Баспасөз мәслихаты барысында белгілі болғандай, министрлікалдағы уақытта футболғабейімдейтін арнайы 3 мың балабақша салуды жоспарлау үстінде екен.

«Футболға бейімі бар балаларданқұралған балабақшаны сынақ ету қызметі қолға алынбақ. 2019 жылғы жоспарбойынша, футболға бейімдейтін 3 мың балабақша таңдап құрылады. Сонымен бірге,балаларды тәрбиелейтін футбол мұғалімдерін қайта дайындауға республикалық деңгейдетұңғыш рет курс ашылады. Егер қолға алған жұмыс сәтті болып жатса, біртіндепбұл жоспарды бүкіл ел бойынша жалпыластыру» деп жазады «Жэньминь жибао» .

Өзбекстан әуе жолдары компаниясы 6ұшағын сатылымға шығарды - «ӨзА» ақпараттық агенттігі


Бұл жайындағы хабарды әуе компания өз ресми сайтындажариялады. Хабарға сәйкес, ұшақтар қатарында жолаушы тасуға арналған екі Boeing767, екі Boeing 757 және жүк тасуға арналған екі Boeing 767 маркалы ұшақтарысатылымға қойылған, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

«Өзбекстан әуе жолдары компаниясы Ұлттық компанияның ұшақ авиапаркін әрі қарайжетілдіру және модернизация жасау үшін осындай шешімге келген. Сатылымға қойылғанмаркадағы ұшақтар «Uzbekistan airways» компаниясына 20 жылға жуық уақыт қызмететкен. Ал, енді сатылатын ұшақтардың орнына компания орта қашықтыққа ұшуғаарналған А320 ұшақтарын алу жоспарланған» деп жазады uza.uz/kz.

Аталған ақпарат көзінің келтірген мәліметінше, өткен айдаАқпараттық және бұқаралық коммуникациялар орталығында өткен брифингте, компанияішкі рейстер үшін Канаданың Bombardier немесе Бразилиянинг Embraerкомпанияларының шағын сиымдылықтағы әуе кемелерін алуды жоспарлап отырғаны жайындаайтқан болатын, делінген.

Қытайдың Тарбағатай аймағында ақындар айтысы өтті - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)


Тарбағатай аймағының 22-кезекті ақындарайтысы басталды.

Жалпы жұрт асыға күткен аймақтық22-кезекті ақындар айтысы мәдениет-туристік мерекесі 1 тамыз күні Тарбағатайаймағы Дөрбілжін ауданы Қараеміл қалашығы Қызылбұлақ сахарасында ашылды, деп хабарлайды Қытайлық kazakcnr.com сайты.


Аймақ халқы бұл ұлттық мәденимерекені биыл 22-ші рет қарсы алып отыр. Тарбағатайда дәстүрлі түрде жалғасыпкеле жатқан ақындар айтысы 2 жылда бір рет өткізіледі екен. Ақпарат көзініңмәліметінше, бұл мәдени шара ҚХР-ның құрылғандығының 70 жылдығына тұспа-тұскеліп отыр.


Соған сәйкес, осы жолғы ақындарайтысында 31 киіз үй «70» цифры формасында тігілген. Аталған мәдени іс-шарадаконцерт нөмірлерімен қоса, ат бәйгесі, балуандар күресі, веложарыс сындыспорттық ойындар да өтпек. Сондай-ақ, қазақтың алуан түрлі қолөнер бұйымдары дакөрмеге қойылған.


«Тәбәритарихы» қазақ тілінде екінші рет басылып шықты - «Фарс» ақпарат агенттігі


ИИР-ыңҚазақстандағы Елшілігінің ұсынысымен ирандық жазушы Мұхаммед ибн ЖәрирТәбәридің «Тәбәри тарихы» шығармасы қазақ тілінде екінші рет басылып шықты.Шығарманы парсы тілінен аударған – Айнаш Қасым. Кітап балалар менжасөспірімдерге арналған, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

Бұл шығармада тарихиоқиғаларға негізделіп, пайғамбарлардың, патшалардың, әртүрлі ұлттар менұлыстардың өмір тарихын түзген. Құран аяттары мен хадистеріне сүйенген,арасында аңыз-әпсаналарды өрген шығармада Тәбәридің өзіне тән машықпен жазылғанқарапайым тіліндегі мысалдар мен нақыл сөздер ұтымды әрі үйлесімді қолданылған.«Тәбәри тарихы» тарихи кітаптар тізімінде болумен бірге, парсы әдебиетініңқұнды мұраларының қатарында да жоғары бағаланады, дейді «Фарс» ақпарат агенттігі.

Соңғы жаңалықтар