Шаньси провинциясы әкімшілігінің ақпараттық қызметі мәлім еткендей, өрт Тайюань қалалық округінің (Шаньси провинциясының әкімшілік орталығы) Сяошаньян елді мекеніндегі «Тайтайшань» туристік аймағында, қардан жасалған мүсіндер қойылған көрме залында шамамен 13-те басталған.
Қызмет деректері бойынша, зардап шеккен 15 адамның барлығы ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы тұрақты.
Өрттің шығу себептерін тексеру басталды.