Әзірге құрбан болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ. Қытай билігінің бағалауынша, бұл ауданда Бейжің террористік ұйым санатына жатқызатын «Шығыс Түркістан исламдық қозғалысы» әрекет етеді. Аталмыш топ бірнеше рет Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы және елдің басқа да аудандарында болған наразылық акциялары мен терактілерді ұйымдастырғаны үшін жауапты деп саналған.
19:18, 30 Сәуір 2014
Қытайдың Үрімші қаласында жарылыс орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Үрімші қаласындағы теміржол стансасында сейсенбі күні жарылыс орын алды, деп хабарлайды РИА Новости 'Рейтер' агенттігіне сілтеме жасап.