Он жеті жастағы Санжар Мұсаев ұлдар арасындағы жекелей сында финалға шықты. Демек, қоржынымызда кем дегенде күміс жүлде бар деген сөз.
Отандасымыз алдымен поляк Кашпер Визонды, француз Томас Коенигті, ширек финалда тайпейлік Ли Чи Тангты ұтты. Ал жартылай финалда ресейлік Арслан Валдановтан 7:1 есебімен басым түсті. Санжар енді алтынды англиялық Патрик Хюстонмен сарапқа салады, деп хабарлайды alaman.kz.