Қытайдың қордағы активтерінің қысқаруы осымен бесінші ай қатарынан жалғасуда. Эксперттер бұл жағдайларды доллардың көтерілуімен - басқа валюталардың құнсыздануымен байланыстырады.
Қарашада доллар 3 пайызға көтеріліп, жапондық иен 8,42 пайызға бағасын жоғалтты, ал еуро 3,57 пайызға құнсызданса, қытайлық юань 1,69 пайызға төмендеді.
«Алтын валюталық қордың жартысына дерлігі валюта айырбастау кезінде орын алған», - деді China Merchants Securities сарапшысы Се Ясюань.
17:22, 08 Желтоқсан 2016
Қытайдың валюталық қоры қарашада 69,1 млрд долларға қысқарған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашадағы нәтиже бойынша, Қытайдың алтын валюталық қоры 69,1 млрд АҚШ доллары - 3 трлн 51,6 млрд-қа дейін кеміген. Былтырғы жылғы қаңтармен салыстырғанда төмендеу деңгейі (2,2 пайыз) өте жоғары болдф. Осындай деректі сәрсенбі күні ҚХР Орталық банкі мәлім етті (Қытайдың халық банкі, Синьхуа).