Өрт Лицзян қаласының Юйлун уезі Синвэнь елді мекені аумағындағы орман алабында сенбі күні сағат 13:30-да басталған, деп мәлімдеді ведомствада.
Жексенбі күнгі сағат 09:30-дағы жағдай бойынша солтүстік және батыс секторлардағы өрт ошақтары ауыздықталған. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер оңтүстік бағытта тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Алапат жалын тау шатқалдарына тарауы мүмкін болғандықтан өрт сөндіруге тікұшақтар да тартылуы мүмкін.