Қытайдың жаңа басшылығы 17 наурызда бекітіледі

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қытай басшылығының жаңа құрамы 17 наурызда елдің жоғарғы заң шығарушы органы - он екінші шақырылған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БҚХӨЖ) бірінші сессиясы жабылатын күні бекітіледі, деп мәлімдеді журналистерге оның ресми өкілі Фу Ин.

БҚХӨЖ сессиясы 5 наурызда ашылды, жиналыстың жабылуы 17 наурызда өтеді, деді Фу Ин, оның алдында БҚХӨЖ төрағасы, ҚХР төрағасы, елдің вице-төрағасы, Мемлекеттік Кеңестің премьері мен оның орынбасарлары, сондай-ақ министрліктер басшылары, Қытай Халық Банкінің және сот органдарының басшылығы сайланады.

Өкімет билігін қытай басшылығының «бесінші буынына» беру рәсімі 2012 жылғы қарашада ел компартиясының 18-ші съезінде басталды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Қазіргі ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің басшысы Вэнь Цзябао Орталық Комитеттің жаңа құрамына енген жоқ, ал партияның бас хатшысы қызметіне елдің вице-төрағасы Си Цзиньпин сайланды.