Жойқын дауылға «Лекима» деген ат берілді.Болжамдарға сәйкес, ол Қытай шығысындағы Чжэцзян провинциясына сенбі күніжетеді және ол биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун болмақ.
Бүгін жергілікті уақытпен таңғы 8-де«Лекиманың» орталығы Чжэцзян провинциясындағы Вэньлин қаласынаноңтүстік-шығысқа қарай 290 км қашықтықта болған. Желдің жылдамдығы сағатына 209км айналасында.
Тайфунның өзі солтүстік-батысқа қарай сағатына13 км жылдамдықпен жылжып келеді. Дәл осындай жылдамдықпен жүрсе, жағалауғасенбі күні таңертең жетеді.
Бұдан тыс, Аньхой, Фуцзянь, Цзянсу және Чжэцзянпровинцияларында және Шанхайда бүгін түнде нөсер жауады.