«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Н.Келбұғановтың төрағалығымен биылғы егінді жинау қарсаңында астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ 6,7 млн тонна астық тасымалдауды қамтамасыз етті. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 30 пайызға артық. ҚХР-ға астықты контейнерлермен тасымалдау 2,5 есе өсті.
Қостанай бөлімшесі бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарты жылда 3,5 есе көп контейнер тиеген.
Компания жүк жөнелтушілердің өтінімдерін толық көлемде орындау үшін барынша күш салады. Астық жүктерін тасымалдауды үйлестіру жөніндегі штаб жұмыс істеп, мемлекеттік құрылымдар мен астық компанияларының қатысуымен тұрақты кеңестер өткізіледі. 500-ден астам клиент қатысатын жедел штабтың және жүк жөнелтушілермен жалпы чаттың жұмысының арқасында осы жыл ішінде айына 1 млн тонна деңгейінде біркелкі тиеуге қол жеткізілді», - делінген компания ақпаратында.
Жүк жөнелтушілер тасымалдарды жоспарлау кезіндегі іс-қимылдардың келісілуіне назар аударды. Сондай-ақ бос вагондарды адрестеу жүйесін енгізу бөлігінде ҚТЖ ұсыныстарын өздерінің берілген өтінімінің көлеміне тең мөлшерде қолдады.
Өңірде тасымалдауды ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін ҚТЖ Қостанай станциясының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараларды іске асырады. Қосымша 7 станциялық жолды пайдалануға беру жоспарланған.