«2019 жылдың 10 мамырында Қытайдың Бас кеден басқармасы Ақтөбе облысының «Ақтөбе ет комбинаты» ЖШС, Алматы облысының «MPS» ЖШС және «Байсерке Агро» ЖШС-не Қазақстаннан сиыр етін әкелуге құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізді. Сонымен қатар, Ақмола облысының «Astana Agroproduct» ЖШС-ін осы тізілімге енгізу туралы шешім күтілуде», - делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, 26 сәуірде Бейжіңдегі «Бір белдеу - бір жол» екінші форумы аясында ет және ет өнімдеріне ветеринарлық сертификат берілді. Тізілімге 5 қазақстандық кәсіпорын кірген болатын.