Қытайдың шығысында қуатты тайфунның төніп келе жатуына байланысты халықты жаппай көшіру басталды.
Чжэцзян провинциясының билігі хабарлағандай, қазірдің өзінде 800 мыңға жуық адам қауіпсіз аудандарға көшірілген.
Провинциядағы барлық порттар мен әуежайлар жабылды, пойыздар қозғалысы да тоқтатылды.
Болжамдарға қарағанда, тайфун Қытайға сенбі күні бас алмақ және соңғы 70 жылдағы ең қуатты табиғат апаты болмақшы.