«Биыл дәнді дақылдар 15,9 млн гектар алқаптан жиналатын болады. Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес өнімділік гектарынан 10,1 центнер болғанда дәнді дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 16 млн тоннаны құрайды»,- деді ол.
Министрдің айтуынша, өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескергенде, дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстан нарықтарына жіберілетін болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі артуы мүмкін», - деді Ербол Қарашөкеев.