деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
«Кетсана» дауылы бұған дейін Филиппинде ойран салған болатын. Су тасқынынан мұнда ондаған адам қаза тапты, көпшілігі хабар-ошарсыз жоғалды. Алты сағат ішінде елде айлық жауын-шашынның нормасы жауды. Филиппин үкіметі төтенше жағдай жариялады. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Қазір табиғат апаты Қытайдың Хайнань провинциясына қауіп төндіруде. Үкімет алдын алу шараларын қолдануда.