Қытайлық 1500 бөтелкеден жүрек жасап бойжеткенге ұсыныс білдірді
16:09, 27 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Шаньси провинциясының тұрғыны өз қалыңдығына ұсыныс жасау үшін соя сүтінің бөтелкелерінен үлкен жүрек жасады. Бұл туралы UPI агенттігі хабарлады.
Оны жасау үшін ер адамға 1,5 мың дана бөтелке қажет болды. Ол асфальтқа оны жүрек түрінде қалады. Newsflare сервисі жариялаған видеодан ерекше оқиға қанша халықты жинағанын көруге болады.
Жүрек дайын болған кезде ер адам өзінің қалыңдығын шақырып, оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бойжеткен келісті. Содан кейін көрермендер бір-бірін итере-митере асфальттағы бөтелкелерге қарай ұмтылды.