Қытайлық әскерилер суперкомпьютер жасап шығарды

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Қытайда аса жедел суперкомпьютер пайда болды. Оны Қытай Халық Республикасының Ғылыми- техникалық университетінде жасап шығарды.

  Жаңа машинаның   жылдамдығы соншалық,   ол секундына 120 миллиард  операция    жасайды,  деп   хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы.

Қытай    осындай  компьютері  бар  әлемдегі екінші ел  атанып  отыр.  KD-50-I деген  атауға ие  болған  жаңа компьютер Loongson 2F   процессорының  негізінде  жасалды.  KD-50-I   компьютері    химия,   география,  авиация  және  физика салаларындағы зерттеулерде  және жоғары  технологиялық жобаларда     қолданылатын  болады.

Әлемдегі  бірінші суперкомпьютер -  Transmeta Crusoe процессорларының  негізінде жасалған   техника   2002  жылы   АҚШ-тың Лос-Аламос  ұлттық   зертханасында  таныстырылған  болатын.