Қытайлық әйел 27 жыл бойы басындағы инемен өмір сүрген

АСТАНА. 30 қыркүйек. Қытайда 27 жастағы әйелге аса күрделі операция жасалды. Әйелдің бас миынан инені алып тастады, деп хабарлады Ростбалт.

Ине қытайлық әйелдің басына қалай кіргенін өзі де білмейді, сірә сәби шағында болса керек. Әйел басында ине жүргенін дәрігерге қаралғаннан кейін ғана білген, ол жұмыста жүрген кезінде есінен айырылып құлаған. Содан кейін оның ми қыртысында ине бар екені анықталған.

Қазір оның көңіл-күйі жақсы, енді оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.