Бұдан бұрын оны қараған дәрігерлер тек ауруын басатын дәрілер берумен ғана шектеліп келген. Таяуда оның денесінің жартысы жансыздана бастаған. Лю Каоны түгел тексеруден өткізгенде ғана белгісіз дерттің құпиясы ашылды.
Компьютерлік томография оның миында ұзындығы төрт сантиметрден астам ине қадалып тұрғандығын көрсеткен. Дәрігерлер оның баста 46 жылдан бері жүргенін анықтаған.
Қазір әйелді отаға дайындауда.