Турист әйел өзінің ұшуы туралы Weibo әлеуметтік желісінде баяндап, хабарламасына бірнеше сурет қосты. «Мен ұшақта жалғызбын! Иә! Тек мен ғана жолаушы! Және ұшақтың командасы бар!», - деп жазды Чжан.
Гуанчжоу провинциясында қардың мол түсуінен көптеген рейстердің кешіктірілгені хабарланып отыр. Атап айтқанда, Чжан өз ұшағына отыру туралы хабарламаны 10 сағат күткен. Қытайлық жаңа жылда (ақпанның 7-нен 8-не қараған күні) үйлеріне жетуге асыққан өзге жолаушылар басқа рейстерге отырды.