Тасымалдаушы (курьер) өзіне берілген пакет қозғалып, артынша баланың дауысын естігеннен кейін бір-ақ полицияға хабарласқан.
Цзинань аудандық ауруханасының қызметкері сәрсенбіде курьерден баланы алғандарын растады.
Бірнеше күн бұрын дүниеге келген бала сап-сау болып шықты.
Жергілікті полиция 24 жастағы анасын өз баласынан бас тартты деп айыптады. Ол бес жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.
Еске салсақ, шілде соңында Запорожьеде ата-аналары балаларын бес мың долларға сатпақшы болды. Жаз басында Польшамен шекарада чемоданмен баланы алып өтпекші болған Украина азаматшасы ұсталды.