Сот материалдарына сәйкес, Ц. есімді азамат Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Ал рұқсат қағаздары инженер мамандығы туралы жалған дипломдардың негізінде жасалған болып шықты. Қазақстан территориясында жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін ол Шыкент қаласындағы мұнай компаниясына қара жұмысшы болып қызметке тұрған. Осы уақытқа дейін сол жерде жұмыс істеп келген.
«Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, Ц. есімді азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан аумағынан шығару жазасына кесілді. Сот шешімі күшіне енді», - делінген соттың ресми хабарламасында.