Қытайлық азамат миллиардер отандасына түрі ұқсас болуы үшін операция жасатқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Шэньчжэнь қаласының тұрғыны Alibaba Group негізін қалаған Джек Маға ұқсас болуы үшін пластикалық операция жасатқан, деп жазды Daily Mail.

Хуан Цзянь арнайы Оңтүстік Кореяға сапарлаған. Өзінің сыртқы түрін өзгерту жас жігітке бір миллион юаньға түсті (145 мың доллар).

Сату бойынша менеджер болып еңбек ететін ер адам өзі пір тұтатын Джек Ма енді өзіне көңіл аударып, кездесуге келісетін шығар деген үмітте.

  Қытайлық интернет пайдаланушылар әлеуметтік желіде мұндай ота жасату ақылсыздық және ойға да келмейтін қадам деген пікірге тоқтасып отыр. Ал оны көргендер Alibaba Group негізін қалаушыға бейнесінің ұқсамайтындығын да айтуда.