Қытайлық азамат жасы үш мың жылдық тасқаданы тепкілеп сындырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайлық турист Гуйчжоу провинциясының үңгірлерінің бірінде қалыптасқан әк тасқаданы аяғымен текпілеп сындырды.

Бұл туралы The South China Morning Post  хабарлады.

Бұзақы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда полиция оны оқиғаның ізін суытпай ұстай алмады. Басылым деректеріне сәйкес, мұндай жағдайлар басқа үңгір қорықтарында - оның ішінде Шаньдун және Ляонин провинцияларында кездеседі.