Қытайлық бизнесмен ұқыпсыз жұмысшыларын құрт жеуге мәжбүрлеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаньси провинциясының бизнесмені берілген тапсырмаларды орындай алмаған қызметкерлерін құрт жеуге мәжбүрлеген. Бұл туралы Shanghaiist хабарлайды.

Басылымның жазуынша, адамды қорлайтын бұл келеңсіз жағдай Ханьчжун қаласындағы бизнес-орталықтардың бірінде болған.

Жетекші бір үй-жайдың ішіне 60 жас жұмыскерді жинаған. Қызметкерлердің бірі оларға іші тола құрт салынған шелекті, тамаққа арналған таяқшаларды, саптыаяқтарды және бірнеше бөтелке  байцзю - алкогольді сусынды алып келген. Одан кейін сату бөлімінің жетекшісі кінәлілерді бір-бірлеп шақырып алкоголь мен құрт араластырылған қоспаны ішуді ұсынған. Әрбір айырылып қалған клиенті үшін қызметкер 4 құртты жеуі қажет.

Фирманың Цао есімді директорыың сөзіне қарағанда,  әрбір жұмысшы жазаны өз еркімен қабылдаған. Тек нәрестесінің болашағынан қорыққан аяғы ауыр әйел ғана бас тартады, деп хабарлайды lenta.ru.