Әуежай қызметкерлерімен келісіп көру әрекеттерінен түк шықпады. Сонда қымбат алкогольді сусыннан айырылғысы келмеген бойжеткен көп ойланбастан оны сол жерде ішіп алған.
Бұдан кейін оның сөздері түсініксіз болып, аяғында тұра алмай, ес-түссіз жерге құлады. Бұл қылығы тек әуежай қызметкерлерінің емес, жолаушылардың да назарын аудартты. Құлағаннан кейін орнынан қайта тұра алмаған қытай азаматшасына әуежай қызметкерлері көмектесті. Ішімдікке сылқия тойған ол әуежайдың демалу бөлмесіне жеткізілген. Мас күйінде ұшуға тыйым салынғандықтан, рейсінен қалып қойды. Көп ұзамай оның туыстары келіп, отбасымен түгел үйлеріне оралды.
Бойжеткеннің Remy Martin XO Excellence коньягын АҚШ-та саяхатының басында сатып алғаны атап өтіледі. Бұл сусын расымен де қымбат. Орташа алғанда оның бір бөтелкесінің бағасы 160-170 доллар тұрады.
Фото: GLOBAL LOOK press