Қытайлық фермер шошқаларын спортпен шұғылдануға мәжбүрледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық фермер өз шошқаларының денсаулығын жақсартуға әрі дәмдірек ет алу үшін мұнарадан суға секіруді үйреткен.

Хунань провинциясында тұратын Хуан Дэмин өз фермасындағы шошқаларды спортпен шұғылдануға мәжбүрлеп келеді. Ол күн сайын талпақ танауларды жақын маңдағы тоғанға апарып, биіктігі үш метрлік мұнараға айдап шығарады. Жануарлар одан суға секіріп, біршама уақыт жүзеді.

Фермер мұндай жаттығулар шошқалардың иммундық жүйесін дамытатындығына сенімді. Өйткені олар сирек ауыратын көрінеді.

Бұған қоса тәбеттері де ашылады. Көп жеген соң тез өседі әрі семіз болмақ.

Дэминнің пікірінше, «спорттық» шошқалардың еті де дәмді.