Қытайлық ғалымдар жарты жылдың ішінде құс тұмауына қарсы вакцина әзірлеуге бел буып отыр

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Қытай жеті айдың ішінде H7N9 құс тұмауына вакцина жасауға ниетті. Бұл туралы аталған елдің Ғылым және техника министрлігі мен Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің бірлескен жобаны бастау жөнінде таратқан мәліметтерінде хабарланды, деп жазады utro.ru.

Қазіргі кезде Қытайда тұмаудың осы түрімен ауырғандардың саны 33 адамға жетіп, оның 9-ының өмірі қиылды. Медицина қызметкерлерінің пайымдауынша, құс тұмауының жаңа штаммы елеулі қатер төндіріп отыр.