Қытайлық ғарыштық аппарат Айға қонды

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайлық «Чанъэ-3» зерттеу аппараты Айға қонды. Бұл туралы осы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

«Чанъэ-3» Айдағы Кемпірқосақ шығанағы кратеріне табан тіреді. Ғарыштық аппараттың бортында Ай бетінде жүретін қытайлық алғаш робот та жеткізілді.

Бұл құрылғының салмағы 100 келі шамасында. Ол зерттеу жұмыстарын кем дегенде үш ай бойы жүргізуі тиіс. Сонымен қатар аталған аппарат Айға ҚХР-дың туын да жеткізегені белгілі болды.