Қытайлық хирургтар салмағы 110 келі ісікті алып тастады - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 37 жастағы қытайлық Ян Цзянбин оң жақ бүйірінде қалмен өмірге келген. 9 жасқа толған кезінде қал кенеттен ұлғая бастаған. 12 жасында оның көлемі жұдырықтай болып өсіп кеткен. Осыдан кейін дәрігерлер қалды операциялық жолмен алып тастаған.

Алайда отадан соң ісік қайта пайда болып, қарқынды түрде өсе бастады. Жақында бұл азамат ісікті қайта кескізуге бел буған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, аталған ісіктің салмағы бүгінде 110 келіге жеткен. Ян Цзянбинге нейрофиброматоз диагнозы қойылды. Әдетте осы індеттен туындайтын ісік осынша үлкен болмайды екен. Қытайлық азамат еш қимылсыз бір орында отыра берген, ісік үлкейіп кеткен. Ісікті алып тастау үшін 9 маман тартылып, олар 16 сағат бойы ота жасады. Қазіргі кезде ер азаматқа оңалту шаралары жүргізілуде. Ол жақын арада үйіне жіберілмек.