«Қытай халық газеті» ақпараттық сайтының хабарлауынша, айтулы доданың Қытайдағы кезеңі Сюйчжоу қаласында өтті. Орта салмақта жұдырықтасатын Бекзат жеңіліп көрмеген тайландтық Чайват Муэнфунмен (4-0-0 ,2КО) кездесті.
Қорытындысында жекпе-жек 10 раундқа созылып, қандасымыз төрешілер шешімімен (96:93, 97:92, 96:92) жеңіске жетті. Осылайша, Бекзат ақпан айының соңында Макаода өтетін IBF Жібек жолы чемпионат туры ақтық бәсекесіне жолдама алды. Қандасымыз чемпионаттың ақтық белдесуінде IBF B&R титулы үшін айқасады.
Айта кетейік, Бекзат Социалханұлы Шыңжанның Тарбағатай аймағында туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Қытайдағы IBF турында бастап, жалпы саны 4 кездесу өткізді.