Боксшы 37 жастағы филиппиндық Джаяр Эстреместі 6 раундта жинаған ұпай санымен ұтты. Бұл оның кәсіби рингтегі 10-шы жекпе-жегі. Ол барлығында жеңіске жетсе, оның екеуін нокаутпен аяқтады.
«Бұл айқаста мен чемпиондық белдігімді қорғап қалдым. Енді осы жылы сәуірдің соңында Аомэнге, сосын АҚШ-қа баруды жоспарлаудамын», - деді ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.
Еске салсақ, Қытайда кәсіби ринг чемпиондарының көпшілігінің отаны ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Алтай округінің Каба қаласы болып табылады. Ол жерде боксшыларды Мұрат Бошайұлы жаттықтырады. Ол Елшат Нығматоллаұлы, Бейсен Насиоллаұлының ғана емес, сонымен бірге Қанат Исламның да жолын ашқан.