Қытайлық қоқыс жинаушы кітапханаға мыңнан астам құнды туындыларды тарту етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 69 жастағы қытайлық бұрынғы қоқыс жинаушы Чэнь Гуанвэй Сычуань провинциясы кітапханасына 1 166 сирек кездесетін кітаптарды тарту етті, деп хабарлады China News Service.

Чэнь Гуанвэй жылдар бойы өзі жинаған құнды туындылардың халыққа пайда әкелгенін қалайды. «Кітаптың құндылығы оның сақталғанында емес, оқылғанында», - дейді ол.

Кітапханаға берілген кітаптар арасында медицина бойынша классикалық трактаттар, Цин әулетінің Канси сөздігінің сирек шығарылымы секілді құнды жинақтар бар.