Қытайлық компания Алматыда жел электр станциясын салады
22:19, 27 Желтоқсан 2017
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі жел турбиналарын өндіруші - қытайлық Xinjiang Goldwind Science and Technology компаниясы 2018 жылы Алматыда жел энергиясы негізінде қуаттылығы 5 млн Вт болатын екі қондырғы тұрғызады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қытайдың қаржы газеті» сайтына сілтеме жасап.
«Goldwind қазақстандық тараптан тапсырыс алып, CITIC Construction-мен сәйкес келісімге қол қойды. Бұл компанияның таза энергия өндіруді арттыруды көздейтін Қазақстандағы алғашқы жел энергиясы жобасы», - деп жазды басылым.