Куньмин теміржол вокзалында террорлық акті жасауға алты ер адам, екі әйел қатысқан. Бейбіт халыққа шабуылды Абдурехим Құрбан басқаратын шыңжаңдық сепаратистер тобы жүзеге асырған.
ҚХР СІМ Куньминде террорлық қастандықты ұйымдастыруға Шығыс Түркістандағы Исламдық қозғалыстың қатысы бар екендігін мәлімдеді.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, төрт қаскүнем оқиға орнында қаза тапты.
Өткен сенбіде орын алған қақтығыстың салдарынан 29 адам көз жұмып, 130-дан астам адам жарақат алған.